«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог - психологының 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог - психологының 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі
13
июль
2023

«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог - психологының 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі

«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  педагог - психологының 2022-2023 оқу жылында  атқарылған жұмыстарының есебі

01.09. күні «Білім күні» 1-сынып оқушыларын мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім есігін ашқан күндерімен құттықтап, ара қашықтықты сақтап, білім ошағына енді. 1 «А», «Ә», «Б» сыныптары болып, үш сыныпқа бөлініп, үш   сынып жетекшілер тағайындалды.1 «А» сынып жетекшісі Нурғалиева Асель, бала саны-25, 1 «Ә» сынып жетекшісі   Арықбаева Ақмарал, бала саны -25,   1 «Б»сынып  жетекшісі Каримова Жарқынай, бала саны- 19. Мектебіміздің ұстаздары, оқушылар, мектепке еніп,  әр сынып оқушылары өз сынып  бөлмелеріне кіріп, сынып жетекшілер «Білім» күніне, алғашқы дәріс берді.                               

 Жылдық жоспар бойынша жұмыстар да атқарылды. Атап айтсам,1-сыныптармен Керн Йерасек әдістемесі арқылы зерттеулер жүргізілді. Әдістеменің мақсаты: баланың ой-өрісінің даму деңгейін,сенсорикалық даму деңгейін анықтау. Тест үш графикалық ,ауызша тапсырмалардан тұрады.                                                                                                 1.Ер адамның сыртқы пішінін салу.                                                                                                                                              

2.Әріптердің жазба түрін көшіріп жазу.                                                                                                                                    

3.Нүктелер тобын көшіріп жазу.                                                                                                                                          

4.Жеке оқушылармен  «Оқушының мектепке дайындығын бағдарлауға» байланысты ауызша сұрақ-жауап әдісі жүргізілді.

 

Мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмады. Болатұлы Парасат, Дуйсбаева Ситора, Илиев Ясын, Дастан Алмас, Қуанышбек Нурислам ерекше білімді қажет ететін оқушылар тізімге алынды.   Сынып жетекшілерімен үйлеріне барып, ата-анасымен баласының денсаулығын, жағдайын біліп, кеңестер берілді. Баланың көңіл-күйін көтеріп, мадақтап, бірге сурет салып, ермексаздан түрлі сюжеттер жасап, сұхбаттасып, ата-аналарға кеңестер берілді. Ата-аналарға моральді, психологиялық, педагогикалық қолдаулар көрсетеміз.                                    

Биылғы оқу жылында Шелек ПБ-н ЮПТ-н аға инспекторы полиция майоры Е.А.Курамаев, МДТІЖО Ғ.Асанова,психолог Х.Ахметова,медбике Ж.Көккөзова,Ұлдармен жұмыс төрағасы А.Ускенбаев және Қыздармен  жұмыс жұмыс төрайымы Ә.Кеңесбаева  жиналыс өткізіп, хаттамалары  толтырылды.                     



Мектеп бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында қандай интернет желісін пайдаланатындарын,қандай сайттарды білетіндерін анықтау мақсатында сауалнама алынып,кеңестер берілді.Спорттық ойындар,ойындар сайты,білім сайттарына кіретіндері анықталды. «wk. Com»,   «Bilim. Kz»  « Kundelik .kz». Ата-аналар жиналысында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында видеороликтер көрсетілді, заманауи технологияларды зиян шегу үшін емес,өз игіліктеріне пайдалану маңызды екенін түсіндіріп, кеңестер берілді. Қорыта   келгенде мектеп  бойынша оқушылар  келеңсіз сайттарға кірмейтіндері анықталды.                                   

5 сынып оқушыларымен «Мен 5-сыныпта оқимын» тренингін өткіздім. Ойын барысында  4-сынып оқығандары оңай, сынып жетекшілерін әлі күнге дейін сағынатындарын айтса, кейбірі 5-сынып оқыған  ұнайтындарын ,әрі қызықты екендігін айтты.-сыныптардың бейімделуін бақылауда сабақтарына қатысудамын.     5-сыныптардың бейімделуіне жылдық жоспар бойынша жұмыстар жыл аяғына дейін жүргізіледі. 5 сынып ата-аналардан да жиналыста сауалнама алынды, жекелей де кеңестер берілді.       



 Білім алушылармен жеке, топтық жұмыстар да жүргізіледі, түзету-дамыту жұмыстарына да көңіл бөлінеді. Кейде көңіл-күйлеріне байланысты, мінез-құлқына да т.б. жұмыстарды ұйымдастырамыз. Түрлі әдістемелерді пайдаланып, жұмыс кітабына жүгінеміз, проективті тестер, диагностикаларды жүргіземіз. «АРТ терапия» курсын оқып, үйреніп, оқушылардың жеке,топтық жұмыс жүргізуде қолайлы, пайдалы екеніне көз  жеткіздік. Құм терапиясы, музыка терапиясы, бейнелеу терапиясы, түрлі табиғи заттармен жасалатын бобат терапиясының көмегі мол болды. Оқушының агрессиясын басуға, көңіл-күйін көтеруге, демалуына, қызығушылығын оятуға, қол, саусақ   моторикасын дамытуға, сенсорикасының дамуына, оқшаулануына жол бермеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеуге көмегі мол.                                                           


           Мектепішілік есепте «Тәуекел»топта биылғы оқу жылында 8 оқушы болды. Сабаққа келмеу, отбасылық жағдайы, тәрбиенің жетіспеуі, түнгі рейдте ұсталғаны, тәртібі нашар оқушылар есепке алынды.Жоспарда көрсетілгендей,сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатыстырылды және қатысуы бақылауға  алынып тұрады. Әр оқушымен жеке, топтық, ата-анасымен жұмыстар ұйымдастырылды, үйлеріне рейд жүргізілді.                                                                                              

Мектеп ұжымымен істелінетін  жылдық жұмыс жоспары бекітіліп,  жас мамандар тізімі жасалып, сауалнама алынды.Жас мамандарды қоғамдық жұмыстарға,ортаға бейімдеуде ,сынып жетекшілік жұмыс барысында іс-шараларды ұйымдастыру,өз өнерлерін ортаға салу сынды қосымша жұмыстарға тартылуда. Жас мамандар апталығы өтті. «Бір шаңырақ астында»,  «Мен жұлдызбын» т.б. шаралар, өребәйге, сынақ сұрақтары мамандық бойынша ұйымдастырылды.    

5-6-7 сынып  оқушыларына   «менің сыныбым» әдістемесі    арқылы  өзін – өзі  бағалауы   анықталды. Әдістеме көрсеткіші бойынша жекелей оқушыларды сынып жетекшілеріне айтылды,жеке жұмыстар жүргізудеміз.


    «Аяқталмаған сөйлемдер» сауалнамасын 7-10 сынып оқушыларынан алынды.Сауалнама мақсаты: өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу. 7,8 сыныптардан алынды 9,10,11 сыныптардан қаңтар айында алынады. Сауалнама нәтижесінде: әдістеме бойынша барлық оқушыларда жағымды ситуациялар анықталды.  




    Сонымен қатар 5-ші сыныптардың бейімделуіне келсек, сынып жетекшісімен бірге пән мұғалімдері де білім алушылардың  сынып бөлмелердің ауысуы , әртүрлі жаңа  пәндер мен пән  мұғалімдерінің сабақ беруі олар үшін қиындық туғызды. Сынып жетекшілері жас ұстаздар болса да   өз міндеттерін біліп, оқу жылының басында  пәндер ауысқанда кабинеттерді  тауып,сабақтарына кешікпей кірулеріне септігін тигізді.    

    Сонымен қатар пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер  байланыста болып, әр білім алушының білімдеріне көңіл бөлді. 5-ші сынып оқушыларынан сауалнамалар алынды, тренингтер жүргізілді. Пәнге қызығушылығын анықтағанда «Дүние жүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Дене тәрбиесі»  пәндерінің  ұнайтындықтарын атап көрсеткен. Социометрия әдістемесін жүргізгенде  оқшауланған бала  болмады. Сыныптастары бір-бірімен  қарым-қатынасы  қалыпты деңгейде.   Ата-аналардан сауалнама алынып , қорытындысы жасалды.  Ата-аналар  қосымша сабақтар өткізілсе  деген ұсыныс   білдіріп отыр . Атап айтсам   математика, шет тілі,дүние жүзі тарихы, т.б пәндер. Сонымен қатар сауалнамада көрсетілген сұрақтарға ата-аналар   ашық әрі толық жауаптар берген. Мектепте төртінші қараша күні  «Мен өмірді сүйемін»  тақырыбында кіші сыныптарда сурет салса, орта буындар  эссе,   жоғары сыныптар шығарма жазды.  Оқушылар өмірді мәнді де мағыналы етіп өмір сүру керектігін, Алланың бізге берген сыйы деп те жазған. Әр адамның өз өмірі өз қолында, жанында жақын адамдардың барын, жалғыз еместігін білуі, болашағын ойлауы, мақсат-міндеттерін сезінуі. Бұл   да  аутодиструктивті  мінез-құлықтың алдын-алу шаралары ретінде  жүргізіледі

  Бастауыш, орта буын, жоғары сыныптармен тренингтер   өткіздім. Тренингтер мен жаттығуларға балалар қызыға қатысады. Оқушылар көңіл-күйінің жақсаруына, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста жақсы болуына көмегі болды. 



 Тренингтер « Күннің шуағы»,  «Танысу», « Кімнің дауысы», «Сылдырмақ», «Кім алғыр», «Өткел», «Қырықбуын», «Крокодилдер», «Қасқыр мен қаздар» т.б. тренингтерді ұйымдастырып, оқушылардың толық әрі қызыға қатысуына мән берілді.  Тренингтер мен жаттығулар жасауда, өздерінің ұйымшылдықтарын, ауызбіршіліктерінің барын көрсетіп, бір-біріне көмектесіп, бірліктерін көрсетті.     



Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін   екі  оқушы  бар. Олар   Алиғазы Жасаргүл мен Роза, интернатта жатады. Бұл қыздармен  психологиялық   жұмыстар жүргізілді, жеке жұмыстар жоспар бойынша мектепте психолог Х.Ахметова, интернатта психолог А. Кубенбаева жұмыстар  жүргізуде. Жасаргүл –оқуға қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз, есту, көру, сөйлеу қабілеттері жақсы, жуас, өзін-өзі бағалауы төмен, сыныптастарынан оқшауланып   жүреді, осы бағытта жұмыстар жүргіземіз.


Роза – есту, көру, сөйлеу қабілеттері жақсы, мінезі ашық, өз ойын ашық айта алады, мазасыз, зейіні тұрақсыз. Роза- интернатта тәрбиеленуде, тәрбиешілер қыздардың сабағын қадағалап, көмек беріп отырады, мұғалімдермен тығыз байланыста. Интернаттағы іс-шараларға қатысып, ән айтады, би билейді, сурет салуды,  «АРТ терапия» қатысуды ұнатады, әсіресе құм терапиясы кезінде аса қызығушылық танытып, заттарды орналастыру, дақылдарды бояуда ат салысып орындайды. 


ЕББҚЕБА  Алиғазы Жасаргүлмен жеке жұмыс үстінде.                                         Жасаргүл сурет салғанды өте жақсы көреді. Маған сырлас жақыны, досы ретінде күнде келіп, анасын сағынатынын айтып, кейде анасының тастап кеткеніне ренжитін кезі де болады. Сондай сәттерде қолдау көрсетіп, ойын өзгертіп отырамын. Салған суреттері арқылы Жасаргүлдің отбасына көңілі толмағанын көруге болады.                                             


 11 сынып оқушыларына  алда үлкен сынақ ҰБТ тапсыру міндеті тұр. Оқушыларға «Дейін, кейін», «Мен жұлдызбын», «Менің мамандығым» т.б тренингтер жүргізілді.   Ата-аналардан «Балама хат» жаздырып, қандай жағдай болмасын қолдау көрсететіндерін, жандарынан табылатындарын ата-аналар хат арқылы жеткізді. Оқушылар әке, аналарының жазған хаттарын оқып, керемет көңіл-күйде болды. Дайындық барысында жаттығулар, тренингтер, кеңестер беріп отырамын.

Ата – аналармен  жүргізілген жылдық  есебі.

      Мектеп   пен  ата – ана  байланысын   жақсарту  мен  оқушылардың   ата – аналарымен   байланысы, қарым – қатынасын анықтау  мақсатында мектебімзде  ата – аналар  жиналысы   ұйымдастырылды. Қазан  айында  отбасы   арасындағы  қарым – қатынаста  адамгершілік, әдеп – инабат  үрдістерінің   қаншалық  кең  жайылып, терең  тамырлануы, ең  алдымен, олардың  жекелеген   отбасында  өркен  жаюына, яғни   баланың  ата – анасын  жан – жүрек   қалауымен, саналы  түрде  ардақтап, құрметтеуіне  байланысты   «Ата – ананың бала тәрбиесіндегі жіберетін қателіктері» атты тақырыпта жиналыс  жүргізіліп, нәтижесі  шығарылды. Қыркүйек – қазан айларында Республика бойынша ата – аналарға  «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында конференциясы өткізілді. Конференцияда ата – аналарға бала тәрбиесі туралы және қажетті мағлуматтар берілді. Көптеген видеороликтер көрсетілді. Атап айтсам, діни ағымдар жайлы интернет желісін балалардың дұрыс пайдалануы, аутодеструктивті     мінез-құлықтың  алдын- алудың шаралары, зиянды әдеттерден аулақ болу т.б видеороликтер көрсетілді.




Педагогтың, оқушы, ата – анасымен  қатынасуының  өзіндік   ерекшеліктері  бар. Ата – ананың  өз  баласына   деген  сүйіспеншілігінен  мұғалімнің   қылығы  мен      талабын шектен   тыс  субъективті  деп   кездеседі. Ата – анаға  өз  баласының   кейбір  қылығы  іс – әрекеті   тәрбиеге  сай  келмесе,   ол мұғалімге  деген  көңіл       толмаушылыққа   әкеліп  соғады,  ал оған   мұғалімнің  немқұрайлылығы  қосылса,       оның  нәтижесі   мектепке  деген  кері   көзқарасты  тудыруы  мүмкін. Сол   мәселеге  байланысты  жыл   бойы  жеке  ата – аналармен  кездесіп,   барынша  кеңес  беріп   отырдым.

      Ата – аналардың  психологиялық   білімдерін  кеңейту  мақсатында   5 – 11         сынып  аралығындағы оқушылардың  ата – аналарына  жеке   сынып  бойынша,      сынып жетекшімен  бірлесіп    жиналыстар өткізілді. Осы   жиналыста        психологиялық  жұмыстың   бағыттары  бойынша:  ата – аналармен   жеке   жұмыстар,  топтық  жұмыстар,   психологиялық  тренингтер өткізілді. Нәтижесінде: сауалнама   көрсеткіші  бойынша  Абай   атындағы  қазақ  орта мектеп   оқушыларының  ата – аналары  мен   бала  арасында  қарым – қатынас  жақсы. Ата – аналар  баланың   жан  дүниесін  тек   түсініп  қана  емес,   әрі  жақсы, дұрыс  тәрбиелеуге   үлес  қосқысы     келіп,  жеке кеңес   алуға  сонымен  қатар   психологиялық  сауалнамаға    қызығушылығын   білдірді. Мектептің   мұғалімдерінің  жемісті  тәрбиесі   де  балалардың  ата – аналарымен  осындай   жақын  қарым – қатынасына  септігін        тигізіп отыр. Жоғарыда  көрсетілген   іс – шаралар  ата – ананың  балаға деген           көзқарасын, жауапкершілігін  арттырып,   қолдау  көрсетілді.


Діни ағымдарға қатысты «Діни экстремизм» тақырыбында жиын өткізіліп, жасөспірімдер инспекторлары мен ауыл имамы келіп шараға қатысты.
 


 Аудандық, облыстық семинарларға қатыстым, аудандық, облыстық ассоциацияда үлесімді қостым. 12.10.2022 жылы мектепте аудандық семинар өткіздім. Облыстық психологтар әдіскері И.Т. Камбаралиевамен бірлесіп,  «Сабақта психологиялық ахуал туғызудың маңызы», «Ұжымдағы психологиялық ахуал» тақырыбында Есік өңірінде және Шелек ауылында Розыбакиев мектебінде семинар-тренинг өткіздім.                               Педагогикалық әдеп қағидаларын ұстанып, ережелерді сақтап, педагогтар лауазымдық міндеттерін орындауда, халыққа қызмет етуде. Қорыта келе мектебімізде психологиялық   ахуал қалыпты жағдайда, ауызбіршілікте, ұйымшыл, ұжымшылдықта педагогтар қызмет етуде.

Ұсыныс: 1. Педагог-психологтар тарапынан мұғалімдерге, ата-аналарға,оқушыларға психологиялық  қолдау көрсету, кеңестер беру жалғастырылсын.                                                                        2. Осы жұмыстардың орындалуын бақылау, қадағалау Х.Ахметоваға, А.Кубенбаеваға қалдырылсын.



Педагог – психолог                        Ахметова Х.М                                                           

                                                                                            Кубенбаева А.Т