1 - қыркүйек » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1 - қыркүйек

2021-2022 оқу жылының  тәрбие жұмысы бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған 1-сыныптар үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып мектеп ауласында  салтанатты жиын өткізілді.

   Бұл күндері кең байтақ Қазақ елінің барша мектептері мен жоғары оқу орындарында Білім күні кеңінен аталып өтуде. Бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әр адамның жүрегіне ерекше әсер қалдыратын бұл күн жастардың басын біріктіреді де сөзсіз. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталары анық.Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері – бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндеріне 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын сағат 9 00- де басталып 940-та аяқталды. Мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен басталды.  Жиынға Қамқоршылық кеңесі мүшесі Ырымбек Таңшолпан қатысты. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер  сапқа тұрғызылып, мектеп директоры С.Б. Бекқожа құттықтап «Әліппе» оқулығы табыстады. 2-11 сыныптарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. 

Астыдағы ссылка бойынша өтіп мектептің instagram (https://instagram.com/abaimektebi.shelek?utm_=copy_link) - дағы парқшасына кріп қарасаңыздар болады. 
https://www.instagram.com/p/CTRL-9qoZgk/?utm_source=ig_web_copy_link 

Похожие публикации:

17 ноябрь 2017 ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА