Тәрбие бойынша атқарылған іс-шаралар бойынша 2022- 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие бойынша атқарылған іс-шаралар бойынша 2022- 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі
13
июль
2023

Тәрбие бойынша атқарылған іс-шаралар бойынша 2022- 2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі

Алматы облысы білім басқармасының

 «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемелекеттік мекемесі 

«Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022- 2023 оқу жылы 

Тәрбие бойынша  атқарылған іс-шаралар бойынша І жылдық тәрбие жұмысының есебі

Мақсаты: Оқушылармен жыл бойы тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру.Отан сүйгіштікке баулу.Жылдық жоспар бойынша тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыстар жүргізілді.Жылдық жоспар оқу жылының басында жасалып,бекітілген.Жоспар бойынша жүргізілген жұмыстар төмендегідей : Жаңа оқу жылының басталуына байланысты 1-қыркүйек “Білім күні «Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған 1-11 сыныптар үшін «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты    мектеп ауласында  салтанатты жиыны ұстаздар қауымы, ата-аналар, оқушылар айрықша қуанышты күймен атап өтті.

   Бұл күндері кең байтақ Қазақ елінің барша мектептері мен жоғары оқу орындарында Білім күні кеңінен аталып өтуде. Бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әр адамның жүрегіне ерекше әсер қалдыратын бұл күн жастардың басын біріктірері де сөзсіз. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталары анық.Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері – бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндеріне 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын сағат 9 00- де басталып 940-та аяқталды. Мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен басталды.  Жиынға Шелек   ауылының әкім аппаратының бас маманы Жұмабай Қизат мырза қатысты. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер  сапқа тұрғылылып Мектеп директоры С.Б.Бекқожа сөз алып, оқушыларды , ұстаздарды білім күнімен құттықтап, 1 сынып оқушыларына  «Әліппе» табыстады.Жиын соңында  11сыныптың үздік оқушысы мен 1 сыныпқа қабылданған жас бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырауды сыңғырлата соғып, оқушыларға мектеп есігін ашты. 1-11 сыныптарға «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыбында сынып сағаттары өтілді.  


        Қыркүйек айының басында  әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды  мектепке тарту мақсатында  «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы -2022 жылдың 30 қыркүйегінде.Атап айтатын болсақ АЖК бастығы Молдыбаев Бекзат мырза «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 9 «б» сынып оқушысы Қалдыбай Ажарға мектеп формасын,Аяқ киім, спорт аяқ киімі, сөмке барлық көрсетілген көмек суммасы 70000 теңге. Су құбырының басшысы  Құрманиязов Талғат мырза мектебіміздің екі оқушысына 5 «а» сынып оқушысы  Болатұлы Парасат  және 2 «а» сынып оқушысы Мұқаметжан Асыл спорттық киімдер киіндірді.Ақша көлемі 40000 теңге.Қамқоршылық кеңес мүшесі Ырымбек Таңшолпан  10 «а» сынып оқушысы Еділ Ақеркеге мектепке керекті мектеп формасына  20000 теңге көлемінде көмек көрсетті.Мектебімізге спонсоры Инипаев Расул    мырза  4 «б» сынып оқушысы Айтжан Ұлмира  мектеп формасына 15000 теңге көлемінде көмек көрсетті.Мектебіміздің ұстазы Сүйінбай Лаззат  15000 теңге көлемінде 2 «б» сынып оқушысы Тұрсын Ернарға спорттық киім алып берді. 5 «ә» сынып оқушысы Тоқтаржан Бағжан  сөмке берілді.10 “а” сынып оқушысы Сидикова Муслимохон қызымызға мектебіміздің ұстазы Усенова Бибігул апайымыз 15000 теңге көлемінде мектеп формасын алып берді. 3 «ә» сынып оқушысы Сидикова Х,5 «б» сынып оқушысы Сидикова М,  мектеп әкімшілігінен мектеп формасын алып берілді. Барлық көрсетілген жалпы көмек соммасы  200000 теңге көлемінде болды.

         Қыркүйек айының 05 күні тіл мерекесіне орай «Тіл-татулық тірегі» атты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған  тілдер мерекесіне орай өткен іс-шара Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге үйрету, өз ұлттына, еліне деген  сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,қазақ тілінің мәртебесін көтеру. 1-11 сынып аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты тәрбие сағаттары өтілді.Барлық сынып өз деңгейінде көркем түрде Ахмет Байтұрсынұлының портреті, ақынның қанатты сөздері, видеоролик, презентация көрнекілікпен өткізді. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат берілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты: ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. «Тіл ұлттың жаны»  атты тақырыпта оқушылардан эссе алынды. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 8-9-10 сыныптар арасында «Ұлт ұстазы -Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында үш тілде: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаттары: Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Бәсекелестікке қабілетті болуға дағдыландыру. Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен алған білім көкжиегін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру  және шығармашылық қабілеттерін  нығайту.Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту мақсатын көздей отырып, сұрақ -жауап, пікірталас, ой қозғау кезеңдері кіріктірілді.Бұл сайыста оқушылар үш топқа бөлініп,берілген сайыстың кезеңдерімен танысып, топпен жұмыс жасады. Сайыс жалпы төрт кезең бойынша өтілді. Оқушылар бұл сайысқа толық қанды дайындалып келгенін көрсете білді. Сонымен қатар тілге деген қызығушылықтарын көрсетті. Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

Мерекелік сайысқа 8-9-10 сынып оқушылары мен мұғалімдері белсене араласып, қазақ тілі мен әдебиет ,орыс тілі мен әдебиет, ағылшын  тілдерінде өлең жолдарын оқыды.Сондықтан да біз мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастыруымен хх ғасырдың заңғар биігі, ұлы жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай "М.Әуезов -қазақ әдебиетінің тарланы" атты  әдеби кеш өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Кеш барысында 8-сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталса, 9-сынып оқушылары "Абай жолы" роман- эпопеясынан "Абай оқудан қайтқанда" үзіндісін оқыды. 6-сынып оқушылары Қасым Аманжоловтың "Мұхтар аға!", Сырбай Мәуленовтің "Мұқаңа", Әбдіраш Жарасқанның "Тарих заңы", Мұхтар Шахановтың "Менің есімімді неге Мұхтар қойған" тақырыбындағы  арнау өлеңдерін  оқыды. Сондай -ақ,  көрермендерге Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын бейнефильм көрсетіліп,жазушының өз даусы тыңдалды. «Заманымыздың заңғар жазушысы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі, көркем сөздің шыңына шығып,соңына мәңгі өлмес  мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу- біздің міндетіміз деп танимыз.


               1-Қазан Қарттар күні қарсаңында мектеп жанындағы интернатта. "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбында кең көлемде мерекелік іс-шара өтті. Іс - шараға зейнеткер ұстаздар шақырылды.  Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып тәрбиеленушілеріміз ұстаздарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. 

Кешті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз: 

  • білім алушыларды мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып,олар туралы мол мағлұмат беру; 
  • оқушыларды ұстазды құрметтеуге,үлкенді сыйлауға үйрету; 
  • ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру;
  • ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Мерекелік дастарханда зейнеткер ұстаздарымыз ақ тілектерін айтып, баталарын берді.Өз еңбек жолдарындағы қызықтарымен бөлісті,оқушылар мен ұжымға алғыстарын жаудырып өте жақсы көңіл күйде қайтты. 



Күз айы сіздерді соңғы сиқырлы сәтімен, күзгі гүлдердің керемет жұпарымен, жиналған жемістердің айқын да, сиқырлы сұлулығымен таң қалдырып, тамаша бір ғажайып әлемге енгендей керемет бір сезім сыйлауымен ерекшеленетін мезгілдердің бірі.Жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.

Қазан айының 19-20-21 күндері « Күз береке, күз – мереке » атты іс-шаралары өтті. Бастауыш сыныптар арасында  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайырбекова С.Д мен  мектеп интернатының меңгерушісі Кубенбаева А, мектеп логопеді Усенова Б, оқушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беріп, жақсы тілектер мен ұсыныстарын айтып отырды. Өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтқан оқушылардың саны бірінен –бірі өтіп жатты. 

Сайыстың қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар арасында: 4 сыныптар арасында І орын – 4 «а» сыныбы марапатталды, 3 сыныптар арасында  І орын –3 «а» сынып,  2 сыныптар арасында І орын – 2 «ә» ; 5-7 сынып аралығында І орын – 5 «ә» сыныбы марапатталды,  ІІ орын –6 «а» сынып,  ІІІ орын – 7 «б» сыныбы алды; 8-9 сынып аралығында І орын – 8 «ә» сыныбы марапатталды,   ІІ орын –8 «а» сынып,  ІІІ орын – 8 «б»сынып мақтау қағазымен марапатталды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл іс-шаралар осы мекемемен шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Олай болса, Елімізді құрметтейік, Жер Анамыздан алып отырған астық, байлықтарымызды қадірлей білейік!


Республика күнін мерекелеуге арналған іс –шаралар 18- қазанда басталды.   Кітапханада 25 қазан Республика күніне орай «Қазақстан ортақ – Отанымыз»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі барша оқырмандарға арналған.   Кітапханаға келген әрбір оқырманға таныстырылып, мәлімет берілді. Кітап көрмесіне Қазақстан жайлы , Отан туралы кітаптар қойылды. Көрмеге қойылған кітаптар:  «Менің Отаным Қазақстан», «Отан біздің әніміз», «Қазақстан», «Біздің Отанымыз – Қазақстан»  және т.б. Сонымен қатар кітап көрмесінде оқушыларға  Әнұран, Елтаңба, Туымыз туралы мәліметтер ұсынылды.  1-4 сынып  оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай  жалпыхалықтық диктант  өткізілді. 5-8 сынып оқушылары арасында  бірыңғай эссе байқауы өткізілді. Сонымен қатар «Қыран елім – Қазақстаным! » жалпы республикалық патриоттық акциясы аясында кітап оқығыштар байқауын , спорттық сайыстар өткізілді. Республика күніне орай біздің мектепте өткен аудандық жарыста 9-11 сыныптар арасында Әбдісабыр Ұлағат І орын ,Оразбеков Бекарыс ІІІ- орын,5-8 сынып арасында Жексенбай Абзал І-орын, Қуаныш Мұстафа ІІІ-орын иеленді.21-қазан күні дебатшылар арасында 9-11 сынып оқушыларымен «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында Америкалық парламенттік форматта дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: Отанға деген мақтаныш, азаматтық,патриоттық сезімдерін қалыптастыру. «Азамат» деген сөздің мәнін түсіндіріп, сезімін ояту.Ойын берілген «Қарарға сүйеніп» екі жақты пікірталаспен нақты дәлелдермен жүзеге асты.Үкімет пен Оппозиция лидерлері мен спикерлері өз дефиницияларын ортаға салып, нәтижесінде оппозиция тобы, яғни, 8 «ә» сыныбының оқушылары басымдық танытып, жеңіске жетті. Бастауыш сынып оқушылары арасында « Жаңа Қазақстан – бала көзімен , бояулар құпиясы » тақырыбында суретшілер байқауы өткізілді. 22 қазан күні 1-11 сынып аралығында 25 қазан Республика күніне орай тәрбие сағаттары өтілді. 8-сыныптар арасында   «Қасиетті жер Қазақстан!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өз деңгейінде көркем түрде өткізілді.«Жаңа Қазақстан бала көзімет!» Бояулар құпиясы жас суретшілер байқауы өткізіліп  Бұл сайыста: Амантаева Маржан 9 «б» сынып оқушы 1 орын , Мұрат Темірлан 9 «а» сынып оқушысы  ІІ орынға, Нұрлан Темірлан 10 «ә» ІІІ орынға  ие болып марапатталды. 

          14.11.22 ж  Алматы облыстық білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен» КММ-сінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың   14 қарашасында «Жаңа Қазақстан жастары» атты пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі өткізілді. «Жаңа Қазақстан жастары» атты 8-11 сыныптар арасында аймақтық пікірсайыс ережесімен аймақ мектептері таныстырылды.

Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; аймақтағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.   

«Жаңа Қазақстан жастары» мектеп оқушыларының аймақтық пікірсайыс турнирінің сайыс қорытындылары  Ы.Алтынсарин мектебі 1 орын мен иеленді, «Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен»  мектебі ІІ орын иеленді,  Кабылов мектебі мен И.Саттаров мектебі ІІІ орын иеленді, Масақ орта мектебі, Шелек ауылындағы гимназия мектебі, М.Әуезов мектебі, Б.Момышұлы мектебі, Малыбай мектебі,Нұрлы мектебі,Сарыбұлақ мектебі,Жаңашаруа мектебі,Ә.Молдағулова мектептері алғыс хаттармен марапатталды.Сайыс нәтижесінде Қазақ лигасынан Райымбек мектебімен Абай мектебі .Орыс лигасынан Сатпаев мектебімен  облыстық дебат ойындарына жолдама алды.Аудан атын қорғауға  баратын  оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз.

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаттары өтілді. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге Тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету мақсатында тәрбие сағаттары көркем түрде өтілді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымдарына қабылдау салтанатты жиын өтілді.Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары,өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 «а,ә,б», 2 «а,ә,б» сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өтілді.«Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу» мақсатында 9-10 сынып оқушыларымен өз жерлестеріміз Желтоқсан оқиғасының ішінде болған құрметті азаматтармен ашық сұхбат жүргізілді.


1-11 сыныптарда Жаңа жыл тақырыбында   тәрбие сағаттары өтілді. 27-28-29 желтоқсан күндері мектебімізде Жаңа жыл мерекесі   аталып өткізіледі.Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Әне-міне дегенше, жаңа 2023 жыл есігімізді қаққалы тұр. Өткен, барыс жылғы болған барлық оқиғаларға салауат айтып, баршамыздың жаңа жылдан жақсылық күтетініміз жасырын емес. Мерекеге дайындаламыз. Қонақ күтеміз, қонаққа барамыз.Жаңа жыл мерекесі барлық сыныпта өз деңгейінде өтті. Мектебімізге Алматы ТОО Техноград   ұйымының демеушілігімен Жаңа жыл мерекесіне  орай 40 оқушымызға сыйлықтар таратылды.

Мәди орталығының басшысы мектебіміздің 5 оқушымызға   сыртқы киім, аяқ киім,жаңа жылдық сыйлықтармен марапаттады. КМФ банк ұжымы 10 оқушымызға жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады.

             ІІІ тоқсанда  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының  атқарылған жұмыс жоспар бойынша жүргізілген іс шаралар.

Жоспар бойынша 2022-2023 оқу жылында «Үздік сынып жетекші 2023»мектепішілік байқауы өтті. 

Мақсаты: Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру,шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілерін анықтау, жас ұрпақты тәрбиелеу  әдістерімен педагогикалық ұжымды таныстыру.

Мерзімі: 15.02.2023 ж

«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» КММ - де «Үздік сынып жетекшісі – 2023» байқауы 15.02.2023 күні өтті. Аталған байқауға 5 «б» сынып жетекшісі Серік Элиза, 3 «ә» сынып жетекшісі Мұқаметжанова А, 6 «Ә» сынып жетекшісі Айтжанова А, 6 «б» сынып жетекшісі Әлиасқар А, 9 «ә» сынып жетекшісі Нурғазиева Ж, 9 «б» сынып жетекшісі Абдрешов М, 7 «б» сынып жетекшісі Адильбекова Гулжан   қатысты.

  Тәрбие жұмысын жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып, төмендегі құрамда әділқазылар алқасы бекітілді.Әділ – қазылардың шешімі бойынша «Ізденімпаз сынып жетекші» номинациясына Мұқамеджанова Ардақ , «Шебер сынып жетекші» номинациясын Адилбекова Гулжан,Нурғазиева Жанат,  «Парасатты сынып жетекші» номинациясын Серік Элиза, ІІІ орын Абдрешов Мақсат   иеленді.ІІ орынды Айтжанова Айжан,І орынды Әлиасқар Айжан иеленді.

1 «а,ә,б-сынып оқушылары өткізген «Тілашар» ертеңгілігі өз деңгейінде керемет жоспармен  өткізілді.Тілашар өткізудің мақсаты Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.Мақал – мәтелдер,  өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.


Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туылған күніне орай 5 «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастырумен «Жырлайды жүрек!» атты іс-шараның анықтамасы Мақсаты:Оқушыларды шығармашылыққа, кітап оқуға ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін поэмаларын жаттауға, оқуға бейімдеу.


Мерзімі:09.02.2023жыл.2023 жылдың 9-ақпан күні 5 «ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ашық шара өтті.Ашық іс-шараны ақынның өз даусына жазылған бейнероликпен бастадық. Ары қарай сынып жетекшісі: Тоқтарбек Айгерім Тоқтарбекқызы ақынның сөзіне жазылған «Бесік басында» әнімен бастады.Оқушылар ақынның өлеңдерін поэмаларын жаттап көрермендерді жырларымен сусындатты. Ақынның әндері шырқалып орындалды. «Аққулар ұйықтағанда», «Жетімдер», «Жоқ дәрігер» атты  поэмаларына сахналық көрініс қойылды. Концертке барлық сыныптағы 23-оқушы қатыстырылды. Оқушылар өз деңгейлеріне қарай өнерлерін көрсетті. Концертке басқа сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздарда қатысты. Концерт соңында құттықтау сөз мектебіміздің  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайырбекова С.Д-ға берілді. Концерт жоғары деңгейді өткендігін айтып, өз ұсынысын білдірді.Концерттің соңын «Үш бақытым» әнімен аяқтадық.

1 наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы мерекеге орай жоспарлы түрде  6 «б» сыныбы   өткізді.

2023 жылдың  17-наурыз күні  9 «а,ә,б» сыныптарымен “Қош келдің әз-Наурыз!” атты ашық іс шара өткізілді.

   Ашық іс-шараны ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры С.Б.Бекқожаға берілді.Артынша оқушылар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Ең алдымен  “Тойға шашу” атты хор айтылды, артынан-қыздардың орындауында “Наурыз-думан” әні шырқалды. 7 қыз бен 7 ұлдан құралған оқушылар “Қара жорға” биі мен 6 қыздан құралған “Көктем самалы” атты биін биледі. Қыдыр ата мен Наурыз әже ортаға шығып, батасы мен шашуын шашты. Қыдыр ата жаңа туылған сәбиге атын қойып,Наурыз Тұсау кесу дәстүрін көрсетті. Оқушылардың орындауында “Тепеңкөк”, “келіншек”, “Қосалқа” күйлері де шертілді. Наурыз мерекесіне қатысты бірнеше сұрақтар қойылып, отырған қонақтар жауап берді. 1-11 сыныптардың қатысуымен “Наурыз сыбағасы” атты ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Әр сыныптың дастарханы өзінің бір тағамымен ерекшеленіп тұрды. Әкімшілік мүшелері барлық дастарханнан дәм татып, әспеттеп көрсеткен ерекшелігін байқап, бағаларын беріп отырды. Тек дастархандағы тағам ғана емес, оның ұсынылуын да сыныптар өзгеше етіп дайындаған. Сынып жетекшілері де,оқушылар да ұлттық киіммен келіп, одан сайын көркемдеп тұрды. Соңғы бағалары беріліп, тілектер айтылып, фотосуреттер есеп ретінде өткізілді. Сөз соңында ұстаздар мен ата-аналар тілектерін білдіріп, Наурыз көжеде дәм алып тарасты.


       1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі тойланды.Бұл достық,сыйластық пен ынтымақ мерекесі 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар.Қазақстанның кең байтақ шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, кәріс, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады.Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие,дегенмен Қазақстан аумағында біз –тату өмір сүретін бір халықпыз.6 «а,ә» сыныптары іс шарасы өтілді.

    7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 04.05.2023 жылы мектебімізде «Сапта жүріп,ән айту» байқауы өтілді.Біркелкі форма,эмблема,бас киім болды.Шарамыз керемет өтті.

 9 мамыр 5 «а» және 5 «б» сыныптарының 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Желбірейді Жеңіс»  туы атты ашық іс-шарасының өткізілуі туралы ашық іс-шара барысында оқушылар  «Соғыс қасіреті» атты көрініс қойып ,  «Катюша» биін билеп,  «Жаса, Қазақстан» , «Бейбіт күн тілегі әндері»  орындалып, белгілі ақындардың  өлеңдерінен  сыр шертті.

Іс-шара соңынан  мектеп директоры  Сағымбек Бөрібайұлы  сөз сөйлеп, бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейтінін,  Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталатынын айтып өтті.


           4 «а,ә,б»  сыныптарында "Бастауышпен қоштасу"ашық тәрбие сағаттары  өтілді . Мақсаты: Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімдерін , ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау,достыққа , бауырмалдыққа, ата – ананы, мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

      31 мамыр күндері  сынып сағатының мақсаты оқу жылының қорытындысын шығару,жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу.Сынып сағаттарында негізінен патриотизм,отанды сүю,достық,татулық, ел тарихына,саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылды.

«Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы 9,11 сынып оқушылары үшін 1 маусым күні өткізілді. Мақсаты. Отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті,ұстаздарға, ата-аналарға,достарына алғыс сезімін, алтын ұя-мектебіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. 

         Мектебімізде бастауыш сыныптарына «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өткізіледі. 1 маусым –халықаралық балалық шақ мерекесі.Балаларды қорғау күні жаздың бірінші күніне келеді,ол 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі.

      Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл әрқашан жарқын, шуақты, балалық шақтың нағыз қуанышты мерекесі.Балаларға көрмелер мен ойын сайыстар, концерттік қойылымдар мен спорттық жарыстар өткізілді.Мектебіміздің әр дайым спонсорлық көрсетіп жүретін ата-аналарымыз демеушілік жасап балаларымызға балмұздақ, шырын сусындарын таратты. 



Ұсыныс: 1. Тәрбие жұмысында атқарылған іс шаралардың барлығы әлеуметтік желілерге жүктелсін.

2.Оқушыларымыздың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі    сынып жетекшілер ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.