«Инноваторс» пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инноваторс» пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі
13
июль
2023

«Инноваторс» пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Абай атындағы қазақ орта мектебі –мектеп    жанындағы интернатымен»кмм 2022-2023 оқу жылы.

«Инноваторс» бірлестігінің  жылдық   қортындысы.

  Ағылшын тілі пәнінің  бірлестігінің құрамында 8 мұғалім қызмет атқарады. Педагог-зерттеуші - 1 мұғалім, педагог-сарапшы - 2, педагог-модератор - 2,  санатсыз –3 мұғалім. Бірлестік жетекшісі – педагог-сарапшы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сандыбаева Тогжан Нурлыбаевна. 

Бірлестіктің алдына қойылған мақсаты:

 Мемлекеттік тілмен қатар шет тілі мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын дамыту, өзге елдің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;

Бірлестіктің міндеттері:

Оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы   оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;


 
«ENGLISH is  a fantastic intellectual challenge» атты “Innovators”ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндік жоспары 19.12.2022 ж – 29.12.2022 ж. 

19.12.2022 ж – 29.12.2022 ж.. аралығында ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың мақсаты:

  • Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру;
  • Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

19 желтоқсан мектепішілікфаеде апталықтың ашылуы болдыАпталықтың ашылуында мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тілінде көрсетті.Апталықта өтілетініс-шаралармен ағылшын тілі бірлестік жетекшісі Сандыбаева Т таныстырып өтті.

Апталықта өткізілген ашық сабақтармен сыныптан тыс іс-шаралар және мектепішілік сайыстар өз уақыттарында өткізіліп отырды.

Дүйсенбі күні " ENGLISH – IS A WORLD LANGUAGE " тақырыбында апталықтың ашылуы болдыАшылу салтанатына барлық сыныптар мен ағылшын пән бірлестік ұжымы және мектеп мұғалімдері қатысты. 

Сейсенбі күні "Оқуға құштар мектеп" «English gives you access to multiple cultures» -

«Оқуға құштар мектеп» аясында «Ертегілер әлемінде» 

атты көрінісі өтті   Электронды кітаптарды таныстыру өтті . Бұл шараға барлық сыныптар мен бірлестік ұжымы қатысты. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Нәтижесінде ағылшын  оқушылар ағылшын тілін жақсы меңгере алатынын көрсетті. Оқушылар шет тілі бойынша меңгерген білімдерін көрсетіп, апталықтың мәнді өтуіне ат салысты.

Мектепішілік лездемеде апталықтың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптар марапатталып мадақтамалар берілді.

Сәрсенбі күні 21 .12.2022 ж “A brave rescue”  Ашық сабақ 7 Б сынып 4 сабақ

28 Кабинетте Сандыбаева Т ашық сабақ өтті.Сабақ жоспарына 7 модульдің 5-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Бірін-бірі бағалау» түрі алынды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді,рольдік ойындарды да тамаша сомдап көрсетті. Мұғалім оқушыларға көптеген қызықты мәлімет, көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі көрініп тұрды.

Сәрсенбі күні 21.12.2022 ж «Present Simple»Ашық сабақ 4 сабақ 5 А сынып

(2 ауысым)ашық сабағы өтілді.

28 кабинет Сүйінбай Л сыныбында ағылшын тілінен “The living things ” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Сүйінбай Л өткізді.Сабақ өте жақсы өтті .Білім алыушылар топпен және жеке  жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Сабақ соңында оқушылар өз білімдерін өздері бағалады және бірін-бірі бағалады. Нәтижесінде   оқушылар өткен шақтағы грамматиканы ағылшын тіліндеде меңгере алатынын көрсетті.

Бейсенбі  күні 22.12.2022ж

6 “Ә” сыныбында ағылшын тілінен “ Past Simple+ irregular verbs” тақырыбында ашық сабақ болды. Пән мұғалімі  Садуакасова Б өтті. Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар белсенділік танытты.Үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келген. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады.

22.12.2022ж «Around the house»тақырыбында Даутбай Г  3 “А” сыныбы мен ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келген. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. 

23.12 күні " The internet" тақырыбында Айтжанова А 6“Ә” сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасады және балалар сабаққа белсене қатысты .

27.12 күні " Technology Checkpoint" тақырыбында Тастанбекова С 

4 А  сыныбымен  ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақта көрнекіліктер қолданылып оқушының жұмыс жасауына жағдай жасалды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. үні 23.12 " The  with kids" тақырыбында Кагазбаева М 7“А” сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасады және балалар сабаққа белсене қатысты .

Нәтижесінде ағылшын  оқушылар ағылшын тілін жақсы меңгере алатынын көрсетті. Оқушылар шет тілі бойынша меңгерген білімдерін көрсетіп, апталықтың мәнді өтуіне ат салысты. Бірлестік пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып, мектеп директорымен бекіткен.


Мектепішілік лездемеде апталықтың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптар марапатталып мадақтамалар берілді.

Қорытындылай келе, апталыққа жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өз дәрежесінде өткізілді. Өтілген шаралар бойынша белсенді қатысқан оқушылар, сайыс жеңімпаздары мен апталыққа белсене қатысқан сыныптар апталық соңында марапатталды. Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері сабақ соңында талқыланып, мұғалімдерге айтылды. Барлық шараларды ұйымдастыруда жаңа технологияны, АКТ –ны тиімді қолданып өтілгендігі атап өтілді.Апта соңында “ Colour party”  іс-шара өтілді.Қортындысы керемет деген бағаға ие болды.

 

  2021-2022 оқу жылындағы ағылшын тілі бірлестігі мұғалімдерінің жетістігі

1. Кагазбаева Магира Жолдыбековна

Курстар:  1. "Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру " 2022ж.

2.British council  Orleu ,Future English Teacher Development programme ,January to March 2022.

Марапаттары: 1. Аудандық өребәйгеде қатысқаны бойынша 11Ә сынып оқушысы Болат Жанерке . 3 орынға иеленді . жетекшісі: Кагазбаева М

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі «Педагогикалық тандем» сайсына қатысып 2ші Дәрежелі Диплом 2023.

2.Сүйінбай Ләззат 

Курстар1. "Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру " 2022ж.

Марапаттары: .

1. Егеменді еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып ,жақсы қасиеттерді бойына дарытып ботаншыл етіп тәрбиелеудегі ұстаздық еңбегі және оқу –тәрбие жұмыстарындағы шығармашылық жетістіктері үшін ‘Жыл мұғалімі’сайысына қатысып 1ші жүлделі орын алды .2023ж

3. Садуаксова Булгын Канатбековна

 Курстар:

"Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру ". 2022ж.

4. Айтжанова Айжан Айтжановна

 Курстар:

"Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру ".2022ж


Егеменді еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып ,жақсы қасиеттерді бойына дарытып ботаншыл етіп тәрбиелеудегі ұстаздық еңбегі және оқу –тәрбие жұмыстарындағы шығармашылық жетістіктері үшін ‘The best English speaker  ’сайысына қатысып  жүлделі орын Еділ Ақерке алды 3 дәрежелі Диплом .Жетекшісі: Айтжанова А 2023ж


5. Рақымжан Асель Ермекқызы

 Курстар:

"Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру ".2022ж



6. Тастанбекова Салтанат

. "Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру " 2022ж.

Марапаттары:

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі «Педагогикалық тандем» сайсына қатысып 2ші Дәрежелі Диплом 2023

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі «Reading for pleasure» сайсына қатысып 3ші Дәрежелі Диплом 2023

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі «Дебат» сайысына қатысып Мадақтамамен марапатталды.2022ж

10 “Ә” сынып оқушысы Кадирхан Томирис  “The best reader”байқауына қатыстырып жүлделі 3ші орын алды. Жетекшісі:Тастанбекова С

7. Сандыбаева Тогжан

Курстар:

"Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру ".2022ж

8.Даутбай Газиза 

Курстар:

"Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру ".2022ж

Марапаттары:

10 “Ә” сынып оқушысы Жағыпар Аянаны “The last of the Mohicans”байқауына қатыстырып жүлделі 3ші орын алды.

Егеменді еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып ,жақсы қасиеттерді бойына дарытып отаншыл етіп тәрбиелеудегі ұстаздық еңбегі үшін мектепшілік Мадақтама 2022 ж

2022-2023 оқу жылындағы ағылшын тілі пәні олимпиадасының нәтижесі

2022-2023  Оқу жылы мектебіміздің 9 және 11 сынып оқушылары  аудандық пән олимпиадасында  жүлделі орындар иеленді .

 11 сынып оқушысы Болат Жанерке 3 –орын .

Келесі кезекте:«Innovators» ағылшын тілі пәні бірлестігінің білім алушылар арасындағы олқылықтарды жою мақсатында өткізген диагностикалық бақылаудың нәтижесінің қортытынды есебі

12.09.-16.09.2022  оқу жылында 2-11 сыныптардағы білім алушылар арасында ағылшын тілі пәнінен диагностикалық тексеріс жүргізілді. Диагностикалық тексеріс мақсаты: білім алушылардың арасындағы жіберілген олқылықтарды анықтап, оларды жоюға арналған жұмыстардың жоспарын құру.

Диагностикалық тексеріс жұмысын өткізу үшін алдын ала әр сыныпқа деңгейлік тапсырмалар екі нұсқада дайындалды.Диагностикалық тексерісті өткізу  уақыты мен жауапты білім берушілер кестесі жасалды. Диагностикалық тексеріс әр сыныпқа 45 минут уақыт аралығында өткізілді. Әр сыныпқа жауапты білім алушыларға тапсырмаларды түсіндіріп, уақытын белгілеп отырды. Әкімшілік жақтан да әр сынып қадғаланды. Диагностикалық тексеріс мектеп бойынша әр сыныпта өткізілгенннен соң,білім  алушылардың орындаған жұмыстары жиналып алынды.Білім алушылар жұмыстары тексеріліп ,әр сыныптың ағылшын тілінен білім деңгейі анықталды. Әр сыныпқа мониторинг жүргізіліп ,әр оқушының ағылшын тілінен меңгере алмаған немесе меңгеруде қиыншылықтар  туғыздырған   тақырыптар анықталды. 

Тексерліген жұмыстар мен сол жұмыстарға жасалған барлық мониторинг, есептер әкімшілікке  өткізілді. 


Ағылшын тілі пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұсынысы:

- Бмж және түрлі курстардан өткен шығармашыл мұғалімдер оқыту үрдісінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, тәжірибе алмасса;

- Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын үйрететін түрлі коучинг, семинарларды жиі әрі тиімді өткізсе;

- Олимпиадаға оқушы қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып жүрген мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасау;


ӘБ жетекшісі: Сандыбаева Тогжан