"Денсаулық" пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Денсаулық" пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі
13
июль
2023

"Денсаулық" пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі

2022-2023 оқу жылындағы дене шынықтыру пән мұғалімдерінің  жылдық есебі



       2022-2023 оқу жылының тамыз айында дене шынықтыру пән бірлестігінің отырысы болып, онда пән бірлестігінің жаңа оқу жылына жасалған жоспары қаралды және мектеп директоры арқылы бекітілді. Дене тәрбиелі үрдісі күрделі,   және мектептің басқа оқу- тәрбие жұмыстарына өте тығыз  байланыста, дене тәрбиесінің міндеттерінің бірі  дене шынықтыру сабағымен қатар  жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлері жоғары жетістікке  жеткізіп қана қоймай, барлық оқушылардың  денсаулықтарын нығайтуға, қозғалыс ептілігі мен    дағдыларын қалыптастыру.  Шынықсаң шымыр боласың -деп, атам қазақ айтқандай, оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке, ептілікке, икемділікке баулу.

    Бізде дене  шынықтыру пәнінен 8 мұғалім сабақ береді. Олар

 Нусипов А.,  Рамазанов Д, Айтжан Қуаныш, Сағымбек Самат, Абдықасым Дастан, Сүтбеков Нұрлан, Қасым Қуаныш   және мен   Нұрғали Айдар.

    Биылғы  2022-2023 оқу жылында, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рамазанов Д.

футболдан 5-7 сыныптар арасында  жартылай финалға шықты және де дзюдо күресінен обылыстық, аудандық турнир жеңімпаздарын шығарды.

Нусипов А. 10-11 сыныптар арасында баскетболдан ұлдар арасында . Шелек аймағында Кенжебаев орта мектебінде финалдық ойында І-орынға ие болды. Жас келсе-іске дегендей, Нусипов Айдар 9-11 сынып арасында тенистен  аймақтық , аудандық, облыстық  жарыстардан  І- орын алды.

Нұрғали Айдар  7-8 сыныптар арасында баскетболдан  аймақтық жарыстан  І орын алып , аудандық жарыста ІІІ орынға ие болды.

   Шахмат ойындарынан аймақтық жарыста 9-11 сыныптар І орын алып, аудандық жарыста ІІІ орынды иеленді.

  Кәсіподақ ұйымдастырған мұғалімдер арасында   аудандық жарыста Абай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімдері  волейболдан ІІІ орын иеленіп құрмет грамотасымен марапатталды.