2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау! » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2023

2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау!

2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау!
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! «Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен » КММ 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.
1-сыныпқа 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 31-бабының I - тармақшасына сәйкес балалар 6 жастан қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
1 сыныпқа өтініштер қабылдау 1 сәуір-1 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қарастырылады.
1 сыныпқа қабылдау egov.kz порталы арқылы және қағаз түрінде мектепке келіп өтініш беру арқылы іске асырылады (өтінішті үйден электрондық сандық қол арқылы жолдауға болады). 1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерлік көшірмелерін жүйеге бекіту қажет.

1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:
1. Ата-аналардың өтініші ( немесе оларды алмастыратын тұлғалар)
2. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
4. 3х4 көлеміндегі 2 фото
5. Туу туралы куәлік көшірмесі 

https://www.instagram.com/p/Cp2ClWYosdO/