«Зияткер» пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зияткер» пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі
13
июль
2023

«Зияткер» пән бірлестігінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысы туралы есебі

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 oқу жылы


«Зияткер» география, биология, химия әдістемелік пән бірлестігінің жұмыс жоспары



Мазмұны:

Мерзімі

Жауаптылар

1

Сайлау:

-Әдістемелік бірлестік жетекшісін;

-Әдістемелік бірлестік хатшысын.

Тамыз

Нургаева Б.Ж

2

Әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттерін айқындау.

Бірлестік мүшелерінің жұмыс жоспарларын күнтізбелік- тақырыптық,өздігінен білім көтеру және кабинет жоспарларын бекіту.

Тамыз

Нургаева Б.Ж

3

Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы семинарға қатысу

Бірлестік мүшелерін жаңа оқу жылында “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ” әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.

Тамыз қыркүйек

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

4

ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарында Саналы ұрпақ -жарқын болашақ білім сабағын тәрбие сағатын өткізу .

Қыркүйек

Нургаева Б.Ж

5

Дарынды балалармен,үлгерімі төмен білім алушылармен атқарылатын жұмыс түрлерін ұйымдастыру.Олимпиадаларға, “Зерде”шығармашылық, “Дарын”ғылыми жобаларға білім алушыларды қатыстыру.

Үнемі

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

6

Қиын білім алушыларды әртүрлі үйірмелерге,қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы жекелеген жұмыстар жүргізу. Дөңгелек үстел өткізу,сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстарды жандандыру.

Қазан сәуір

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

7

Ақбота”, аудандық олимпиадаларға білім алушыларды қатыстыру.

Жоспар бойынша

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

8

Жыл мұғалім”,Үздік пән мұғалім ,     “Жаңашыл ұстаз”, Педагогикалық оқу пәндер бойынша байқауларға     қатысу

Жоспар  бойынша

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

9

Оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. Аттестаттау сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық қор және әдістемелік ұсыныстар атты семинарға қатысу.Озат мұғалімдердің іс тәжірибелерін жинақтау қорытындысын шығару оны тәжірибеде енгізуді,тәжірибе алмастыруды ұйымдастыру.

Үнемі

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

10

Қорытынды аттестаттауға білім алушыларды дайындау,өткізу жұмыстарын атқару.

Жоспар бойынша

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

11

Пәндер онкүндіктерінде ашық сабақтар өткізу және оған мұғалімдердің қатысуын қамтамасыз ету,өзара сабаққа қатысу.

Жоспар бойынша

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

12

Білім алушылардың білім сапасының мониторигісін жасау,пәндік есеп беру.

Тоқсан сайын 

Нургаева Б.Ж







Әдістемелік пән бірлестік отырысы




Мазмұны 

Мерзімі

Жауаптылар

1

1-Отырыс 

1. 2020-2021 Оқу жылының қорытындысын талдау Әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттерін айқындау 

2. Жаңа оқу жылына арналған бірлестіктің жоспарын талдау,бекіту  Бағадарлама негізінде мұғалімдердің пән мұғалімдердің пән бойынша толықтырып,нақтылап жасаған күнтізбелік жоспарларын және оқушыларды жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз ету мәселелері

3.Әдістемелік нұсқау хатпен танысу.

4.Олимпиадаларға , Зерде шығармашылық, Дарын ғылыми жобаларға білім алушыларды қатыстыру.

Тамыз

Нургаева Б.Ж

2

2-Отырыс 

1. 1-Тоқсан қорытындысы . Білім алушының білім сапасын анықтайтын мониторинг жасау.

  1. Дарынды балалармен , үлгерімі төмен білім алушылармен атқарылатын жұмыс  түрлерін ұйымдастыру сабақтардың өту деңгейін саралау,алынған бақылау жұмыстарының қорытындысын талдау.
  2. БЖБ,ТЖБ бойынша атқарылатын жұмыстарү Пәндік есеп.
  3.  Аттестаттау сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық қор және әдістемелік ұсыныстар атты нұсқаулықпен таныстыру.

Қараша

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

3

3-Отырыс 

1.2-Тоқсан қорытындысы.Білім алушының білім сапасын анықтайтын мониторинг жасау.

2. Баяндама:”Жаңаша оқу жетістік көзі”.

3. БЖБ,ТЖБ бойынша атқарылатын жұмыстарү Пәндік есеп. 

4.Қорытынды аттестаттауға білім алушыларды дайындау,өткізу жұмыстарын атқару.

Қаңтар

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

4

4-Отырыс 

1.3-Тоқсан қорытындысы.Білім алушының білім сапасын анықтайтын мониторинг жасау.

2.Баяндама: “Бала білімін бағалаудың жолдары”

Наурыз

Нургаева Б.Ж

ӘБМ

5

5-Отырыс 

1. 4-Тоқсан қорытындысы.Білім алушының білім сапасын анықтайтын мониторинг жасау.

2.Әдістемелік бірлестік онкүндігінің қорытындысы

3.Қорытынды аттестаттауға білім алушыларды дайындау,өткізу жұмыстарын атқару.

4.Озат мұғалімдердің іс тәжірибелерін жинақтау,қорытындысын жасау,оны тәжірибеге енгізуді,тәжірибе алмастыруды ұйымдастыру.

Мамыр

Нургаева Б.Ж

ӘБМ





Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 oқу жылы


«Зияткер» география, биология, химия әдістемелік пән бірлестігінің жылдық есебі



Бірлестіктің мақсаты:


Білім алушыны дайын білім берумен қатар, алған білім өмірде қолдана білуге бейімдеу




Бірлестіктің міндеті:


 1.Жаңа технологиялардың тиімді әдіс тәсілдерін қолдана отырып,ұлттық дәстүрде бәсекеге қабілетті өзекті мәселелерді шеше алатын , шешім қабылдау алатын,сындарлы ойлайтын,өз пікірі идеясы бар ұрпақты тәрбиелеу әрі шығармашыл,жан жақты ізденетін тұлғаны қалыптастыру.


  1. Жаратылыстану пәндері бойынша білім мен икемділікті оқушылардың жүйелі түрде тиянақты әрі сапалы меңгеруін қамтамасыз ету.


3.Оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық түсініктерін дамытуға,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жағдай туғызу.




Мектептің келелі мәселесі:


Білім алушыларға сапалы білім бере отырып,жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану,оларға барынша дербестік бере отырып,белсенді,бәсекеге қабілетті,құзыреттік,өмірде түрлі жағдайларда шешім қабылдай алатын патриот , білімді тұлғаны қалыптастыру.



Зияткер пән бірлестігінің келелі мәселесі:

Оқытудың жаңа озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті,патриот , шығармашыл, білімді ұрпақ тәрбиелеу.


Зияткер пән бірлестігінің мүшелерінің келелі мәселелері:

Нургаева Б.Ж: Бәсекеге қабілетті, өзекті мәселелерді шеше алатын,шешім қабылдай алатын,сындарлы ойлай алатын ұрпақты тәрбиелеу.


Джексембаева Б. : Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы алған білімін өмірде қолдана алатын заманауи ұрпақты тәрбиелеу.


Адильбекова Г. :жаңа технологияларды тиімді әдіс тәсілдерін қолдана отырып,ұлттық дәстүрде бәсекеге қабілетті жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.


Смагулова Н : Шығармашыл, өздігінен білім алатын, жан жақты ізденетін тұлғаны қалыптастыру,


Тоқтарбек А. : Оқытудың жаңа озық ақпараттық технологияларды қолданып, кәсіби қызметке даяр ұрпақ тәрбиелеу.





Еңбекшіқазақ білім бөлімінің

«Абай атындағы қазақ орта мектебі және мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Зияткер» география, биология, химия әдістемелік пән бірлестігі

2022-2023 оқу жылындағы істелінген жұмыстар туралы

Мәлімет


Бірлестік мұғалімдерінің өткен курстары:


География пән мұғалімі Нургаева Б.Ж: Даму, "География пәні бойынша білікті арттыру курсы"

01.11.2022-12.11.2022



Аудандық  пән олимпиадасы 

Олимпиада қорытындысы :

География:

2 орын Жексенбай Анель

Биология:

3 орын Кенжебаева Айым

3 орын   Тұрсынбекқыщы Айсамал

3 орын  Ренатқыщы Даяна


Аудандық ғылыми жобада


2 орын Кенжебаева Айым


Аудандық жыл мұғалімі


Тоқтарбек Айгерім алғыс хатпен марапатталды



                             «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ

Зияткер пән бірлестігінің 02.05.2023-12.05.2023

аралығында өткен “Жаратылыстану -ғылымдар патшасы”

атты онкүндіктің қорытындысы:


Онкүндік тақырыбы: «Жаратылыстану-ғылымдар патшасы»

Мақсаты:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

Міндеттері:Ақыл ойды тәртіпке келтіретін жаратылыстану пәндері екенін дәріптеу.

Онкүндік жоспарлы түрде уақытымен өткізілді. Файеге «Жаратылстану – ғылымдар патшасы» атты тақта жасалды. География, биология химия  пәндері туралы мәліметтер,логикалық тапсырмалар,сөзжұмбақтар ілінді.Ертеңгісін оқушылар мен мұғалімдерді мущыкамен қарсы алып, сұрақтар берілді, кішігірім сыйлықтар табысталды.

  1. Тоқтарбек Айгерім химия пәнінен «Қазақстанның пайдалы қазбалары» атты ашық сабақ өткізді.

Айгерімнің  сабағы өз мәнінде өтті,түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. 

  1. Нургаева Бижамал  «Дүниежүзілік шаруашылықтағы Қазақстанның орны» атты географиядан ашық сабақ өткізді.Сабақ мақсатына жетті,оқушылардың белсенділігімен өте жақсы өтті.
  2. Адильбекова Гүлжан өз пәнінен «Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері» атты биологиядан ашық сабақ өткізді.Гүлжанның сабағына қойылған барлық мақсаттары орындалып, сабақ өте жақсы өтті.
  3. Джексембаева Ботакөз биология пәнінен «Қызықты биология » 9- сыныптар арасында жарыс сабағына оқушылар белсене ат салысты. Сабақ өте жақсы өткізілді.Барлық жоспар орындалды.
  4.  «Химия, биология, география» атты ашық сабақ өткізді. Айгерімнің сабағында оқушылардың қызығушылығы жақсы болып, сабақ өте жақсы өтті.   


          Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мүдделі,қоғам барған сайын күрделене түсуде.Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті , ептілікті , шапшаңдықты , ерекше ой қызметін, мол шығармашылықты қажет етеді.Оқушыға – жаңаны , өзгеше тың дүниені сезе білуге сезімталдығын,ой талдауға бейімділігін , әдемілікті сезіне білу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуін әр сабақ сайын ұғындырып отырамыз.

      Ендеше , қазіргі таңдағы міндет-осы тың қасиеттерді кез келген оқушының бойында қалыптастыру. Ертеңгі күні мектеп бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеу үшін шаруашылыққа қажетті білімді мектептен алып шығуы тиіс.Ол үшін оқытудың мазмұны мен әдістемесін оқушылардың жас ерекшелігін , қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін дамуына жол ашып, тұлға қалыптастыру міндетіміз.

     Қорыта айтқанда оқушыларға тиянақты білім беру- біздің алдымызда тұрған басты міндетіміз. 



Әдістемелік пән бірлестік жетекшісі:                                         Нургаева Б.Ж