«Оқуға құштар мектеп» жобасы » "Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен" КММ
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде  мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы  жұмыс жасайды. Оқуға құштар мектеп   жобасы аясында өткізілетін   іс-шара жоспары бар. Мақсаты: оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Бүгінгі таңда мектебімізде   QR код 30-дан астам әдебиеттер тізімі дайындалып, ата анаға, оқушыларға арналған  кітапхана бұрышы бар.  Күтілетін нәтижелер: білім алып жатқан оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, үйрету, жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру. 
Мұғалімдер бөлмесінде кітаптардан құралған  букроссинг бұрышы қойылды. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.  Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті. «Оқу мәдениеті өзін –өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы. Жаңа стандартта бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларымен  15 минуттық оқу, әр сабақ сайын 15 минуттық оқу жүзеге асырылды. Ата-аналарға кеңес ретінде ұйықтар алдындағы оқу, аялауыш тәртіптегі оқулар ұсынылды.  1-4 сынып оқушылары ертегі кітаптарды оқып, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салып, кері байланыс жасалды.    
Соңғы ұйымға тоқтала кетсек бұрыңғы салт дәстүрлерді еске түсіру, жаңғырту мақсатында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында өз жұмысын іске асыруда. І тоқсан қорытындысы бойынша   Күзгі каникул шарасы ұйымдастырылып, барлық мектеп оқушылары техника қауіпсіздігімен таныстырылып, қолдары қойылды.


https://www.instagram.com/abaimektebi.shelek/p/C1BWMSJIvaL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/abaimektebi.shelek/p/CzJKfWeoihB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/abaimektebi.shelek/p/CzI8Arto4Q_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/abaimektebi.shelek/p/CzI8G5NoqjF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/abaimektebi.shelek/p/CzI-VepIshg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/abaimektebi.shelek/p/CzJKTbEIX0B/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==